«Дінге басыммен кіріп кеттім»: психолог Құралай ханым қалай адасқанын айтты
Танымал психолог Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында оқырманына дұға оқу жайлы айтып, қателескенін мойындады, деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«Бір қонақүйде сабақ кезінде өзі арабқа шыққан оранған қыз маған діни көп кітап берді. Ол кезде қазіргідей ақпарат көп емес. Кәдімгі Құранда жазылған сүрелер болды. Осыны арабтар оқиды, тоқтамай оқысаңыз өте көп пайда болады деді. Мәскеудегі психологым да мида көп ақпарат болғанда, діни кітапты оқу керегін айтты. Мен осыны қыздарға айттым, кейін ол дау тудырып, талқыланады деп ойламадым. ҚМДБ-да Ершат деген имам бар сол кісі «Құранды өзгертетін кімсіз?» деді. Намаз оқы деп айтыңыз деді. Менің қателігім сол болды. Мен дінге басыммен кіріп кеткем ғой. Кейін мен қателескенім жайлы пост жаздым. Имамдарды тыңдаңыздар, намаз оқыңыздар мен бүгіннен бастап дін, дұға туралы айтпаймын дедім», — деді Құралай ханым.
Бірақ ол қазір керек кезде дұғаларды оқитынын айтты. Алайда оны енді насихаттамайды.
«Менің айтқан дұғаларымнан адамдар өліп қапты деп айтып жатады. Ол адамдар қайда, туыстары бар, туғандары бар. Бізде заң бар, зайырлы мемлекетпіз»,- деді ол.
фото: ikerim.kz