Динара Сұлтан күйеуге шықты — фото
Танымал әнші құдай қосқан қосағының кім екенін құпия сақтауды жөн көрді
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан күйеуге шықты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлаған.
Желіде жарияланған суретте Динара әдемі көйлек киіп, қыздардың ортасында тұр.
«Иә, мен тұрмысқа шықтым. Куәгерлерім өзімнің балаларым болғаны қандай керемет. Сондай бақыттымын. Баршаңызға осындай бақытты бастан кешуді тілеймін», — деді әртіс Instagram парақшасындағы постында.
Әншінің жары кім екені белгісіз, бірақ желі қолданушылары бұл жігітпен Динара Сұлтанның баяғыла көңіл қосқанын біледі. Әнші #10years деген хэштег арқылы сүйіктісімен он жылдан бері бірге екенін білдірген.
Тағы оқыңыз: «Қазақстан аруы» атанған қыз күйеуге шықты — фото
Оқырмандар Динарадан балаларының әкесі кім екенін сұрап әлек, алайда ол мұны құпия сақтауды жөн көріп, тіпті ортақ суреттерін жариялағанда да бет-бейнесін жасырып, фанаттарының қызығушылығын одан сайын күшейте түседі.
Динара Сұлтан — қазақстандық әнші, 2006 жылы SuperStar.kz жобасына қатысқаннан кейін кең танымалдыққа ие болды. Кейінірек әртіс China town тобының құрамында ән айтқан болатын.
sputniknews.kz