Динара Сәтжан ұшақ апатына байланысты Баян Алагөзоваға көңіл айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Динара Сәтжан Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Тележүргізуші бұл тұста құрбысы Баян Алагөзоваға да басу айтты. 

Динара Сәтжан ұшақ апатына байланысты Баян Алагөзоваға көңіл айтты

27 желтоқсан күні «Бек Эйр» авиакомпаниясының ұшағы Алматыда тұрғын үй секторында құлады. Ұшақ Нұр-Сұлтанға бағыт алған. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Ел тұрғындары, оның ішінде қазақстандық танымал жандар қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

«Бүгін өте қорқынышты жағдай болды. Бүгін Алматыдан елордаға ұшып жүрген Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Қаза болғандардың туыстарына және достарына көңіл айтамын», — деп жазды тележүргізуші Динара Сатжан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Бек Эйр ұшағы апатқа ұшыраған кезде әділет генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» қоғамдық кеңесі төралқасының төрағасы Қайдаров Рүстем Есімханұлы қайтыс болған.

Келесі постында Динара Сәтжан продюсер Баян Алагөзовані белгілей отыра, қызы Айсәуле Бақытбекке, сондай-ақ Айсәуленің қайын енесі — Диляра Қайдароваға Рүстем Есімханұлының қазасына байланысты көңіл айтты.

Қайдаров Рүстем Есімханұлы — әділет генерал-майоры, КСРО Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері.

 Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық корреспондент-мүшесі; Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Профессор, «Генералдар кеңесі» РФ Президиумының төрағасы. Халықаралық экономика палатасының құрметті профессоры.

stan.kz