Динара Сәтжан партия құрмақ

0
68

Соңғы кезде қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін жиі қозғап жүрген тележүргізуші әйелдердің құқығын қорғауға білек сыбана кіріспек. Осы ретте алдымен желідегі жұрттың пікірін біліп алуға ниет танытты.

«Трендтен қалыс қалмау үшін өз партиям болғанын қалаймын.  Бастамашыл топта мыңнан астам адам болуы шарт екен. Сол құрам съезге де бару керек екен. Мен рационалды адаммын. Алдымен дауыс беріп алайық. Менің партияма кім кірер екен? Бірден айтайын, құрамына тек қана әйелдер енеді» – деп жазды Сәтжан Instagram парақшасында.

Тележүргізуші осыдан біраз уақыт бұрын той күні күйеужігіттің таяғынан жазым болған шымкенттік қалыңдықтың анасының жанайқайын жеткізу мақсатында ел президенті Қ.Тоқаевқа желі арқылы үндеу жасаған.