Дина Төлепберген Ербаянның ісіне байланысты елең еткізер жаңа деректерді тапты
Журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген әскердегі бөлімшеге барып, Ербаянмен болған оқиға орнында естіген әңгімелермен әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Есінен танып құлады ма, әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматтары секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты.
«Мына жерде міне, очколар. Очко дегенді түсініп тұрсыз ғой, иә?», — деп Ербаянның очкода дәрет сындырған соң шалқасынан құлағанын айтады полковник.
Жоқ, түсініп тұрған жоқпын. Интернетте «очко» деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі очкода Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты.
Міне, Ербаян мына жерде отырады. Кіші дәрет сындырып тұрады. Анау контрактник мына жерде үлкен дәретте отырған. Мынау контрактниктің айтуы бойынша Ербаян мына жерде тұрды, дәретін сындырып болған кезде шалқасынан құлады дейді. Сол кезде мен жүгіріп келдім дейді. Ербаянның өзі сонда ем алып жүрген болатын. Температурасы 36,8 градус болған.
Санама сыймайтыны, 36,8 градус дейтін Құдай-ау, қалыпты көрсеткіш емес пе? Әлде бұл болған іс болып, алдын алу үшін темірдей жігітті тентіретіп көрсетуі ме? Түсініксіз…
Ашық ауыр бас ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың өміріне ел алаңдаулы. Ол 2023 жылдың 4 желтоқсанында оқыс оқиғаға тап болып, талай айды комада өткізіп, қазіргі таңда үйіне ауыстырылды. Міндетін өтеймін деп мүгедек болған сарбаздың тергеу ісі әділ өтіп, тезірек аяққа тұруын тілеймін…», — деп жазды журналист.