Дина Төлепберген “Астарлы ақиқаттың” жаңа жүргізушісін таныстырды (фото)
Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жаңа жүргізушісін таныстырды. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды. Дина Төлепбергеннің сөзінше, «Астарлы ақиқат» бағдарламасын енді Бердімұрат Хасенұлы жүргізеді.
«Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы — талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде «поледегі» қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым — соған дәлел болса керек. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз», — деп жазды ол.
Дина Төлепбергеннің ойынша, телевизияға эволюция мен революция керек.
«Ол үшін белгілі бір сала мамандарының жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін… Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!», — деді Дина Төлепберген.
Ақпарат, фото:http://smartnews.kz