Дина Елгезек: «Тоқаев мырза, тиіспеңіз, қайта елге шақырып, ізгілік танытыңыз»

0
5045

Қасымжомарт Тоқаев мырза!
Украинада 2 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрады.
Оларды шұғыл түрде Отанымызға эвакуациялау қажет.
Қазір Украина әуе кеңістігі жабық екені әмбеге аян. Десе де орайы келсе отандастырымызды қауіпсіз жерге көшірілуін қамтамасыз еткен жөн.
Соңғы жылдары Назарбаевтық режимге қарсы шығып, саяси қудалауға түскен саяси күрескерлер Украинаны паналауға мәжбүр болды. Солардың бірі, “Жаңа Қазақстан” құрылды” деп жуырда Украинадан ұшып келген Ермек Нарымбай әуежайдан отандық түрмеге топ ете қалды. Өкінішке қарай, әлі күнге сонда жатыр. Осы бір фактіге сүйеніп елге қайта алмай жүрген отандастырымыз бар шығар.
Соғыс болып жатқан аймақтағы қазақстандық саяси күрескерлердің тағдырына бейжай қарамауыңызды өтінемін. Назарбаев режиміне қарсы шыққан азаматтар — жемқор, террорист, қылмыскер емес! Олардың көбі — әділдік пен демократияның жақтаушылары.
Азаматтарымыздың елге қайтауына жағдай жасаңыз. Тиіспеңіз, қайта елге шақырып, ізгілік танытыңыз!
Қазақстанда шынайы саяси жылымық барын дәлелдеңіз! Саяси реформаның бастауын — шет елдерге ыдырап көшіп кеткен әрбір күрескер қазақты ақтаудан бастаңыз!