Дін саласында коррупция көп деп ойламадым — сарапшы

0
33

Арулан Қуатов дінтану саласындағы өзекті проблемамен Fасebook парақшасында бөлісті:

Террористік актымен өлшегендіктен бе діни ахуал тұрақты деп өзімізді алдап жүрміз, бірақ сын қатерлер жеткілікті. Салаға реформа, жас кадрларға мүмкіндік керек және ғылым(теория) мен тәжірибені ұштастыру маңызды.
Бакалаврда оқып жүргенде дін саласында коррупция болады деп мүлде ойламаппын. Жалпы діни экстремизм мен терроризмге бөлініп жатқан қыруар қаражаттың сұрауы жоқ (Қайда кетті, қандай жұмыс атқарылды, қандай нәтижелерге қол жеткізілді).
Барлығына соңғы он жыл бойы бір призмамен қарап, проблеманы шешудің әдіс-тәсілдерін де өзгертпедік.

Меніңше, тың көзқарастарды қарастырып, жаңа бағытта жұмыс жасайтын кез келді. Әйтпесе дін тақырыбы уақыт өткен сайын күрделеніп барады. (Мүмкін бізге де «Пирамидада» бір құрылтай керек шығар😂) Дінтанушылар тек қара жұмысты атқармай, саяси, идеологиялық мәселелер мен шешімдер қабылдауға қатыстырылуы керек деп білемін. Ал, конструктивті шешімдер қабылдануы үшін дінтанушылардың басын қосатын ортақ платформа қажет секілді. Бірақ «Дінтанушылар конгрессі» секілді аты бар заты жоқ ұйымдар керек емес.