Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеоны әртістің фанаттары Instagram желісіндегі парақшалардың біріне жүктеген

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің достарымен бірге жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы ескі видео жарияланды.  

Роликті Instagram желісіне әртістің фанаттары жүктеген.   

«Біз Оралдың вокзалындамыз. Концерттен ақша табайын деп келген адамбыз. Бірақ ол болмай қалды. Үйден жұмыртқа қуырып алып келіп, сатып жатырмыз. Енді солай болып қалды», — дейді Димаш Құдайберген.

Желі қолданушыларының бірі әншіні қолдаса, екіншісі еңбек еткен адам, міндетті түрде жетістікке жететінін атап өтті.

«Не бопты сатса? Ол да пенде ғой. Таңғалатын нәрсе емес», — дейді @ultursyn3.

«Тұрып қошемет көрсетті»: Франция қазағы жұрттың Димашқа қалай тамсанғанын айтты

«Егер біраз қиналсаңыз, одан бір нәтиже шығуы мүмкін. Димаштың жолы болды ғой. Сондықтан қиындыққа мойымау керек. Тек алға!», — деп қолдау білдірді @bektasovtanatkan.

Ал @doyan.tsay.1 есімді қолданушы Димаштың әзіл-қалжыңға жақын екенін жеткізді.

«Димаш қалжыңды жақсы көреді. Сол үшін оны ұнатамын», — дейді ол.



sputniknews.kz