Димаштың жаңа клипі шықты – видео  

0

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген YouTube-тегі ресми аккаунтында «Знай» әніне түсірілген жаңа клипін жариялады 

Әннің сөзін Михаил Гуцериев, музыкасын композитор әрі продюсер Игорь Крутой жазған.

Қазақстандық әнші «Знай» композициясын наурыз айында Мемлекеттік Кремль сарайында өткен жеке концертінде орындады.

Клиптің премьерасынан кейін ол 15 минут ішінде 8 мыңнан астам рет қаралды, видеоға 3,8 мың адам лайк басты.

Бұған дейін Димаш өз тыңдармандарына бұл клип Франция мен Исландияда қалай түсірілгенін көрсетті.

«Знай» композициясына видеоны украиналық клипмейкер Алан Бадоев жасады.  

Тағы оқыңыз: Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады



sputniknews.kz