Димаштың Нью-Йорктегі концерті

0

Қазақстандық талантты әнші 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында Arnau tour ENVOY атты жеке концертін береді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша– Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертіне барлық билет 1,5 ай ішінде сатылып кеткен.

Билеттер 13 қыркүйектен сатылымға шығарылған. Нәтижесінде 1,5 айдың ішінде 7000 мың билет сатылып кеткен. Оның 75%-ін америкалықтар сатып алған.

«Мұндай ажиотаж Димаштың талантты екенін білдіреді. Сондай-ақ, әртістің шығармашылығына басқа ұлт өкілдері үлкен қызығушылық танытатынын көрсетеді», — делінген Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі таратқан хабарламада.

Жанкүйерлердің сұранысына сәйкес, TIcketmaster.com сайтында Димаштың Нью-Йорктегі өтетін концертіне қосымша тағы 2000 билет сатылымға шығарылады.

«Бұл – фан-зона мен шеткі қатарлардағы орындар. Шоуға билет алып үлгермегендер үшін тағы бір мүмкіндік бар», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылы Ұлыбритания астанасы Лондондағы Indigo at the O2 залында жеке концертін берген. Концертті 45 елден 5 мың көрермен тамашалады.

Тағы оқыңыз: Димаштың әуежайдағы әрекеті жұртты таңғалдырды: видеоны 230 млн адам көрген

Әншінің Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтетін концерті АҚШ-тағы Қазақстан мәдени күндері аясында ұйымдастырылады.



sputniknews.kz