Димаштың Мәскеудегі концерті — толық видео

0
358

Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің толық видеосы желіде жарияланды

Димаштың жеке ән кеші 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Әлемнің 56 елінен қазақ әншісінің тыңдармандары Ресей астанасына жиналды.

Димаш әр тілдерде танымал туындыларды орындап, қазақ тілінде ән шырқағанда залда Қазақстанның туы желбіреп тұрды. Ал «Елім менің» әнін орындаған кезде жүрек пішінді шарларды ұшырды.

Сонымен қатар, Димаш фанаттарын тағы бір өнерімен таңғалдырды: домбырамен Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін орындап берді.

Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.

sputniknews.kz