Димаштың Лондондағы концертінің билеттері сатылып кетті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеновтің 19 қараша күні Лондонда өтетін жеке концертінің билеттерінің бәрі сатылып кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әншімен өткен кездесуде мәлімдеді.
«19 қарашада Лондонда Димаш Құдайбергеновтің үлкен жеке концерті өтеді. Қазақстанда бірінші рет жеке орындаушы үлкен сахнаға шығып жатыр. Бұл үлкен жаңалық. 19 қарашадағы концертіне орын қалмады. Қосымша орын қойыңыздар деп талап етіп жатыр. Жанкүйерлерге арнайы зона дайындадық. Ол жерде де билет қалмады. Димаштың әлемдік үлкен туры болады. Осыған дейін қаншама концерті өтті. Лондон – бұл алып әлемдік өнер орталығы. Ол жерде жеке концерт өткізу ерлік пен ынтаны қажет етеді», — деді министр.
Мұхамедиұлы Лондондағы концертте 2000 отыратын орын боладтынын айтты. Сондай-ақ фан-зонаны қоса алғанда барлығы 4600 орынды құрайды және барлық билет сатылып кетті.
«Өкінішке қарай, концертке баратын қазақстандықтар үлесі 3-4 процент қана. Барлық билетті лондондықтар сатып алды», — деді Мұхамедиұлы.
Әншінің әкесі Қанат Айтбаевтың айтуынша, концерт билеттерін әлемнің 45 елінен келетін тыңдармандар сатып алған. Дегенмен ағылшын тілді тыңдарман көбірек болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ