Димаштың концерті: Нұр-Сұлтан қаласында қозғалыс шектеледі

0

Астаналық полиция департаменті әуежайға шығатын тұрғындарға бағытты алдын ала жоспарлау керектігін ескертеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты астанада сағат 19:00-ден 00:00-ге дейін қозғалыс шектеледі. Қабанбай батыр даңғылымен Керей Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін көлік жүрмейді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.


©
Photo : департамент полиции Нур-Султана

Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде Нұр-Сұлтан қаласында қозғалысты шектеу схемасы

Жүргізушілерге арналған ақпарат

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қоғамдық көлікке басымдық беріледі. Сондықтан жүргізушілерге бұл уақытта көлікпен шықпауға кеңес береміз. Халықаралық әуежай мен сол маңдағы елді мекендерге шығуды жоспарлап отырғандар алдын ала өзге бағыт таңдауы керек», – деп жазылған полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ, көлікті «Барыс Арена», «Алау» спорт кешендері мен «Сары Арқа» велотрегінің тұрағына қою керектігі айтылған.

Концертке автобуспен қалай жетуге болады

Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін қала іші мен қала маңындағы елді мекендерге қосымша автобустар қатынайды. «Астана Арена» стадионына дейін № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 60 автобуспен жетуге болады.

Концерттен кейін көрермендерді стадионның Қабанбай батыр даңғылы жағында қоғамдық көлік күтіп тұрады.

Димаштың концерті

Еске сала кетсек, бүгін 29 маусым күні Димаш Құдайберген Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Arnau атты жеке ән кешін өткізеді. Концерт елорда күніне арналады. Кештің билеттері көптен күткен шоуға бір ай қалғанда түгел сатылып кетті.

Димаштың концертіне 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған. Елордаға АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Мысыр, Израиль және Марокко елдерінен Димаштың жанкүйерлері келеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз