Димаштың Германия мен Чехиядағы концертіне билеттер сатыла бастады

0

Қазақстандық әнші 2020 жылы наурызда Еуропада басталатын концерттік турының бағдарламасымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда өтетін концертіне билеттер сатыла бастады. Бұл туралы әнші инстаграмдағы парақшасында жазды.

Видеолардың бірінде Димаш Arnau турының концерттік бағдарламасын жариялады. Әнші 19 наурызда Гамбургте, 21 наурызда Дюссельдорфта, 25 наурызда Прагада және 28 наурызда Штутгартта өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, ол тыңдармандарын Чехия астанасында өтетін жеке концертіне шақырып, арнайы видео жариялады.

«Қымбатты достар, 25 наурызда Прагадағы Tipsport-Arena стадионында жеке концертім өтеді. Келіңіздер, сіздерді көңілді кеш күтеді»,- деді әртіс.

Ал 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қазақстандық әнші Arnau tour Envoy атты жеке концертін береді.

Санкт-Петербургтегі аншлаг

29 қарашада Санкт-Петербургте Димаштың концерті өткен болатын. Жас әншінің өнерін тамашалауға 12 мыңнан аса адам жиналды.

Концерттен кейін Димаш тыңдармандарына ризашылығын білдірді.



sputniknews.kz