Димаштың гастрольдік сапары басталды

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген гастрольдік сапары аясында Ресей мен Еуропа қалаларында концерт береді

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ресейдің Краснодар қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, деп хабарлады әншінің баспасөз қызметі.

Концерт 7 500 адамға арналған «Баскет Холл» залында ұйымдастырылды. Барлық билет бірнеше апта бұрын сатылып кеткен. Залда ине шаншар жер болмады.

Әншінің Instagram парақшасында Краснодарда өткен концерттің алғашқы фотолары жарияланды. Шара «Arnau» атты жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

«Рақмет, Краснодар! Love you», — деп жазды Құдайберген.

Димаш өзінің үлкен гастрольдік турын Краснодар қаласынан бастады. Турне аясында Мәскеу, Рига, Прага және тағы басқа қалаларда концерттер өтеді. 

Димаштың Ресей мен Еуропадағы жеке концерті

  • 2020 жылдың 20 ақпаны, «Татнефть Арена» спорт сарайы, Қазан, Ресей;
  • 2020 жылдың 23 ақпаны, «Екатеринбург-ЭКСПО»  конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей;  
  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия,;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , «Мегаспорт» спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.



sputniknews.kz