Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді жолдап жіберген

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 22:25 192

Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді жолдап жіберген


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің әр түкпірінен сәлемдеме жолдап жатыр. Бразилиялық жанкүйер нота бейнеленген жемпір тоқып, жолдап жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің отбасы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлемнің әр түкпірінен келген сәлемдемелерді қабылдап жатыр. Жанкүйерлердің бірі өз қолымен жемпір тоқып, қазақ тілінде лебізін білдірген.

«Димаш, қарапайым сыйлық, мен оны өзім жасадым. Бұл тоқыма. Мұны мен махаббатыммен, сүйіспеншілігіммен жасадым», — деп жазулы тұр сәлемдемеде.

Сонымен қатар, Аяз ата мүсіні мен Димаш Құдайберген бейнеленген табақ фантоптан келген. Жанкүйерлер табақ жиегіне өз суреттерін салып жіберген. Аяз атаның аман-есен мекенжай бойынша жеткенін әншінің әжесі Миуа Низамутдинова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Димаштың жанкүйерлеріне алғысымыз шексіз. Сыйлықтарыңызды алдық. 2019 жыл — бақыт жылы болсын!» деп жазды әншінің әжесі.

 

 



Дереккөз: https://www.inform.kz/kz