Димаштың әні қосылғанда қозғалыссыз қалатын бүлдіршін желі жұлдызына айналды (видео)

0

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді баланың қалай қабылдағаны түсірілген видео желі қолданушыларын тәнті етті

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жантебірентерлік видео жариялады.

https://www.instagram.com/p/Bs2NrKUBm3P/?utm_source=ig_embed

Видеода Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әнін естіген бала орнында қатып тұрып қалады.

«Бұл әнді қосқан кезде, менің ұлым осындай күйге түседі. Ол қатып тұрып әнді тыңдайды», — дейді видео авторы.

Жазба бір сағаттың ішінде 26 мың лайк жинады.

«Қандай әдемі балдырған. Денің сау болсын, балам», — деп жазды видеоның астына Димаш.

Еске сала кетейік, «Любовь уставших лебедей» әнін Димаш Құдайберген алғаш рет былтыр қараша айында Мәскеуде Кремльде өткен концертте белгілі композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен орындаған еді. Бұл ән ресейлік көрерменнің көңілінен шығып, содан бері олар Димаштың өнеріне тәнті болып келеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/