Димашты қытайлар мектеп оқулығына енгізіп қойды – фото

Қысқа сілтеме алу
Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытайда шығарылған мектеп оқулығына енгізілді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
«Өзіңді Қытайдың мектеп оқуылықтарынан көру көңіл сүйсіндіреді», — деп жазды Димаш.
Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған.
Тағы оқыңыз: Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды — видео
Димашқа арналған беттің төменгі жағында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сұрақ қойылған.
Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I’m a Singer байқауына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Ол финалға дейін жетіп, екінші орын алды.
sputniknews.kz