Димашты Лондондағы жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды

0
Димашты Лондондағы жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды


Димаш Құдайберген Лондонға ұшып келді.

Танымал әншіні Лондондағы ірі әуежайда жанкүйерлері қарсы алып алды. Әлемнің түкпірінен келген 100 шақты жанкүйері қошеметпен күтіп алды. Жанкүйерлері оған сыйлықтары мен гүлдерін ұсынып жатты. Осылайша жанкүйерлердің әрқайсысы ерекше қуанғандарын сөзі мен ісі арқылы байқатты.

Айта кетейік, 19 қарашада Димаш Құдайберген Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күндері барысында жеке концерт қояды. Шараның ұйымдастырушысы қазақстандық елшінің қолдауымен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі. DQ шоуы Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күні аясында өтеді. Онда Димаш әндерінің 60 пайызын қазақша шырқайтыны жария етілген болатын.