Димашқа тарту: Орыс халық аспаптары ансамблі «Әлқисса» күйін орындады

0

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.

«Әлқисса» қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аты аңызға айналған күйі. Оның жаңа интерпретациясын жазу идеясы оркестр әртісі Светлана Закунованыкі. Бұл ой Димаштың Мәскеуге келуіне орай туындаған.

Бастапқыда күй 2019 жылдың 19 наурызында Димашты әуежайда қарсы алған кезде орынду үшін дайындалды, -дейді Светлана. Одан кейін әнші Кремль сарайында D-Dynasty жеке концертін берді.

Алайда, «Березка» әртістері әуежайда тек «Мәскеу маңындағы кештер» мен «Калинканы» орындады. Өйткені жанкүйерлер көп болды. Сол үшін  Димашты кешіктіргісі келмеді. Сөйтіп, «Әлқисса» кейінге шегеріліп, тағы да өңделіп жарық көрді.

«Әлқиссаны» Димаштың және басқа да музыканттардың орындауында бірнеше рет тыңдаған соң Светланаға қазақ композициясына кавер жасау идеясы келді. Оған күйдің ерекше әдемі дыбысталуы қатты ұнады. Сондай-ақ, Светлана бұл күй орыс халық аспаптары балалайка мен домрада да ерекше естілетінін айтады:.

Светлананың идеясын «Березка» МАХА (мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамбль) оркестріндегі әріптестері бірден қолдады.

https://youtu.be/m4oNaiiiYBA