Димашқа ғашық боласыз — АҚШ телеарнасы

0

Америкалық телеарнаның көрермендеріне ескерту жасалды – эфирден кейін қазақ әншісінің дауысына ғашық болмаған жан қалмайды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Желіде жас қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің The World’s Best дарындылар байқауында орындаған әнінен үзінді жарияланды.

CBS телеарнасы жаңа бөлімнің алдында эксклюзив шолу жасапты.

Димаш пен Данэлия қатысқан америкалық шоуды қайдан онлайн көруге болады?

«Бұрын Димаштың фанаты болмасаңыз, солардың қатарына қосыласыз», — деп жазылған арнаның Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Димаш Құдайберген әлемнің ерекше дарын иелері бас қосқан шоуда S.O.S d’un terrien en détresse француз әнін орындапты.

Димаш АҚШ-та жеке ән кешін өткізуі мүмкін

Айрықша дауысқа ие отандасымызды көрермендерге «Алты октава адам» деп таныстырыпты. Ол сахнаға қара көйлек пен қошқыл қызыл түсті жарқыраған пиджак киіп шыққан.

Жарияланған кадрларда көрінгендей, сарапшылар Димашқа орындарынан тік тұрып қошемет көрсетіпті.

«The World’s Best жобасы бір сен үшін шыққан», — деді әділқазы мүшесі, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз.

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысқан бөлім эфирге АҚШ уақытымен сәрсенбіде шығады.

Ресей мен Қазақстанда бөлім бейсенбі күні 7 ақпанда көрсетіледі. Көрсету мерзімі Астана уақыты бойынша 06.00 – 09.00 аралығында.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/