Димаш Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады

0
77

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Димаш Құдайберген Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Әлемге әйгілі Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлап, видеосын жүктеген.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым», – деп жазады Димаш.

Қазақ әншісі Абай Құнанбайұлының «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.

«Абай атамыздың өнерін дәріптеу жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азаматтың міндеті деп білемін», – деп атап өтті Димаш.

Тағы оқыңыз: Димаш өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр – видео

Ол өзінен кейінгі эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің әлемдегі барлық тыңдарманына жолдады.



sputniknews.kz