Димаш Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады
Қысқа сілтеме алу
Димаш Құдайберген Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Әлемге әйгілі Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды.
Әнші бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлап, видеосын жүктеген.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым», — деп жазады Димаш.
Қазақ әншісі Абай Құнанбайұлының «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.
«Абай атамыздың өнерін дәріптеу жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азаматтың міндеті деп білемін», — деп атап өтті Димаш.
Тағы оқыңыз: Димаш өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр — видео
Ол өзінен кейінгі эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің әлемдегі барлық тыңдарманына жолдады.
sputniknews.kz