Димаш «The World’s Best» таланттар шоуының үшінші кезеңіне өтті

0

Әділ қазылар алқасының мүшесі «жұлдыз туды» деген пікір білдірді.

Әнші Димаш Құдайберген америкалық «The World’s Best» таланттар шоуының көрермендері мен әділ қазылар алқасын тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20-ақпан күні CBS арнасында Димаш пен котолиялық монах әйелдің жарысы көрсетілген болатын.

Кристина есімді монах әйел (қарапайым өмірде Кристина Скучча) 1988 жылы Италияда дүниеге келген. Ол екі жыл бойы Бразилияда кедей отбасылардың балаларына көмектесіп, қайырымдылықпен айналысқан. Сосын урсулин-монах әйелдері діни қауымдастығына кірген. 2014 жылы ол The Voice of Italy соқыр тыңдау байқауына түседі. Кристина Алиши Киздің No One әнінін орындағанда, оған барлық төрешілер оң бағасын беріп, байқау финалында Кристина жеңіске жетеді.

Димаш Эрика Карменнің «All by Myself» композициясын орындап, 94-39 жалпы есебі бойынша жеңіске жетті.

The World’s Best — Джеймс Корденнің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ең алғашқы жаһандық таланттар байқауы. Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдар барлық жанр бойынша қатыса алады. Олар тек жұлдыздардан құралған америкалық төрешілер Дрю Бэрримор, Ру Пол және Фэйт Хиллді ғана таңғалдырып қоймай, сонымен қатар құрамына 50 елдің ең тәжірибелі шығармашылық адамдары, кез-келген көңіл көтеру саласының хас шеберлері кіретін «әлем қабырғасы» — халықаралық жюрилер тобының жүректерін жаулаулары қажет. Байқау нәтижесінде тек бір қатысушы ғана әлемдегі ең мықты деген атаққа ие болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz