Димаш ресейліктерді таңғалдырған 11 жастағы қазақстандық әншіге кеңес берді
Димаш Құдайбергеннің пікірінше, Ержан Максим Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында дәлелдеді
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ерекше дауысымен әлемді мойындатып жүрген талантты әнші Димаш Құдайберген «Голос. Дети» тележобасында ресейлік танымал әншілерді мойындатқан 11 жастағы Ержан Максимге ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Димаштың пікірінше, 11 жастағы Ержан жоғары деңгейде өнер көрсеткен.
«Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында дәлелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр Украинададағы осындай жобада Данелия құлыншағымыз еліміздің мәртебесін көтерсе, биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысың!!!», — деп жазды ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында.
Сонымен қатар Димаш Құдайберген жас қазақстандық әншіге ағалық ақылын айтты.
«Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы, қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін, жаным. Алға Ержантай!!!», — деді әнші.
sputniknews.kz