Димаш ресейліктерді тағы да таңдай қақтырды (видео)

0

Димаш Құдайберген «Россия 1» телеарнасындағы «Субботний вечер» бағдарламасының сахнасында өнер көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Субботний вечер» бағдарламасының жүргізушісі, әнші Николай Басков Димашты  «сахнада, бірегей дауыс иесі, жаңа жұлдыз – Димаш Құдайбергенов», — деп таныстырды.

Димаштың әні телебағдарламада ең соңғы болып өнер көрсетті. Көрермендер қуанышын жасырмай, ұзақ уақыт бойы қол шапалақтады.