Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатыса ма?

0
18

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

https://sputniknews.kz/images/1136/22/11362281.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/culture/20200204/12738919/Dimash-Resey-Evrovidenie.html

Желіде Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатысуға үміткерлер шорт-парағына кірді деген сыбыс тарады

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Димаш Құдайберген «Евровидение» халықаралық байқауында өнер көрсетуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы «ДимашАли» шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова айтты.

«Желіде Димаш Евровидение байқауына қатысады деген кезекті фейк тарады. Яғни, өтініш берді, шорт-параққа кірді және тағы басқа. Мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген Евровидение байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресей мен Еуропада өтетін концерттеріне дайындалып жатыр», – деді Жанғазинова.

Интернетте Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатысуға үміткерлер шорт-парағына кірді деген жаңалық тарады. Жаңалықта дереккөзге сілтеме жоқ.

Атап өтсек, Димаш Ресей мен Еуропада 11 концерт беруге дайындалып жатыр. Әншінің туры 16 ақпан күні Краснодар қаласынан басталады.



sputniknews.kz