Димаш Қытай телеарнасындағы жаңа бағдарламаға қатысты (ВИДЕО)

0
0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай телеарнасындағы «Классикалық қанаттар» атты жаңа бағдарламаға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«CCTV 1» телеарнасындағы жаңа жоба бүгін эфирге шықты.

«China. Beijing. CCTV 1 арнасының жаңа бағдарламасының қонағы болып қайттым», – деп жазды Д.Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық әнші «Thousands of Miles» композициясын орындады. Видео Қытай телеарнасының YouTube-арнасында жарияланды.

Димаштың Eurasian Fan Club жанкүйерлер клубының ақпаратына сәйкес, «Класикалық қанаттар» шоуы «Dragon Boat Festival» / «Айдаһарлар қайықтарының шеруі» фестивалі аясында шығып отыр. Және ол Ухан ауруханасының дәрігерлеріне арналған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз