Димаш Қытай телеарнасындағы жаңа бағдарламаға қатысты (ВИДЕО)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай телеарнасындағы «Классикалық қанаттар» атты жаңа бағдарламаға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«CCTV 1» телеарнасындағы жаңа жоба бүгін эфирге шықты.
«China. Beijing. CCTV 1 арнасының жаңа бағдарламасының қонағы болып қайттым», — деп жазды Д.Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.
https://youtu.be/IeJPrBFZjdc
Қазақстандық әнші «Thousands of Miles» композициясын орындады. Видео Қытай телеарнасының YouTube-арнасында жарияланды.
Димаштың Eurasian Fan Club жанкүйерлер клубының ақпаратына сәйкес, «Класикалық қанаттар» шоуы «Dragon Boat Festival» / «Айдаһарлар қайықтарының шеруі» фестивалі аясында шығып отыр. Және ол Ухан ауруханасының дәрігерлеріне арналған.
https://www.instagram.com/tv/CB3TYTlAByM/