Димаш Құдайбергенов «Инстаграмнан» тек Қазақстан туралы жаңалықтарды оқиды

0
16 Қараша 2018, 18:05 313 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайбергенов «Инстаграм» желісін қандай мақсатта қолданатынын айтты. Ол сондай-ақ, шетелдік жұлдыздармен араласып тұратынын жасырмады.

«Әлемнің түкпір-түкпірінде өнер саласында еңбек етіп жүрген танымал жұлдыздармен осы саланы таңдап азды-көпті жетістікке жеткелі бері араласып, сырласып тұрамыз. Бірақ өнер жолында қатты етене араласып жүру әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені тығыз кесте, тығыз уақыт. Күніне 7-8 рет атан-анама хабарласып тұратын едім, соңғы кезде уақыт болмай екі күн сайын хабарласамын. Сол себептен көптеген өнер жұлдыздармен араласып, жұмыс барысымен әңгімелесіп тұрамыз», — деді әнші.

Димаш «Инстаграм» желісін Қазақстан туралы жаңалық оқу үшін ғана қолданатынын айтты.

«Сөздің шыны керек, шетелде өмір сүріп жүргенде «Инстаграм» желісіне кірген кезде тек қана Қазақстанда қандай жаңалық болып жатқанын оқу үшін кіремін. Ал сөйлесетін адамдармен басқа да әлеуметтік желілер арқылы сөйлесеміз», — деді ол.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ