Димаш Құдайбергенов Екібастұз қаласындағы апатқа кінәлі адамдарды жазалауды талап етті

0

Әнші Димаш Құдайбергенов Екібастұз қаласында ЖЭО-дағы апатқа кінәлі адамдарды жазалауды талап етеді.

«Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер,ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…» — деп жазды.