Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox журналының мұқабасына шықты

0
104

Мұқабаның суретін қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Starbox magazine журналының мамыр айындағы нөмірінің мұқабасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

24 жастағы әнші инстаграмдағы аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Starbox 2014 жылдан бері әйгілі адамдардың, шоу-бизнес жұлдыздарының сұқбаттары мен суреттерін жариялап келеді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің суреті Қытайдың танымал Men’s Health  және Southern Metropolis Daily, Chic Teen журналдарының мұқабасына шыққан болатын.

Димаш Құдайберген «Голос. Дети» финалына қатысты не ойлайтынын айтты

Биыл 7 маусымда отандасымыз МУЗ-ТВ 2019 жүлдесінің арнайы қонағы болады.

Сондай-ақ, жас орындаушы 29 мамырда елордада жеке концертін беруді жоспарлап отыр.



sputniknews.kz