Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен жұмысын тоқтатқаны рас па?

0

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Димаш Игорь Крутоймен жұмысын тоқтатты деген жалған ақпарат тарады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар –Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутоймен жұмысын тоқтатқан жоқ.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға «ДимашӘли» шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова айтты.

Димаш Бейжіңнің BG Talent компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істейді, деп түсіндірді ол. Сондай-ақ, музыкант АҚШ-тың BMG (Bertelsmann Music Group) Еntertainment компаниясының өкілдерімен, Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және басқа да елдердің композиторларымен шығармашылық байланыста.

«Әртістің продюсерлік қызметін «ДимашӘли» шығармашылық орталығы жүзеге асырады. Композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің арасында шығармашылық және достық қарым-қатынас орнағанын атап өткім келеді. Ол байланыс бүгінге дейін жалғасуда. Игорь Крутойдың компаниясымен бірлесіп 2020 жылға жоспарланған концерттердің барлығы кестеге сай өтеді», – деді Жанғазинова Sputnik Қазақстанға.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Димаш Игорь Крутоймен жұмысын тоқтатты деген жалған ақпарат тараған еді. Қазақстандық әнші Оңтүстік Кореяның Сон Кван Сик есімді продюсерімен ынтымақтаса жұмыс істей бастағаны хабарланды.

Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің талантына талай рет тәнті болған композитор. 2018 жылдың қарашасында қазақстандық әнші ресейлік композитордың сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындады. Маэстромен алғашқы дуэттің премьерасы НТВ телеарнасындағы «Орталық телевидение» бағдарламасында өтті.

Тағы оқыңыз: «Солай болып қалды»: Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

Кейін олар дәл осы композициямен Кремль сарайында өнер көрсетті.

Кейінірек Димаш Құдайбергеннің репертуарына Игорь Крутой жазған «Мадемуазель Хайд» (Mademoiselle Hyde) атты жаңа ән қосылды.

2019 жылдың қазанында Димаш Сон Кван Сикпен түскен суретін жариялап, алғашқы бірлескен жұмысы туралы мәлімдеген болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз