Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті: билет бағасы қанша

0

«Арнау» концерті елорда күніне орай «Астана Арена» стадионда өтеді

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертінің билеттерінің бағасы 500 теңгеден басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

«Біздің мақсатымыз Димаштың концертінен ақша табу емес, барынша көп адамға оның өнерін тамашалауға мүмкіндік беру. Сондықтан билет бағасы 500 теңгеден басталады», — деді Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқасының кулуарында.

Министр Астанада Димаштың алғашқы концерті өткізілген кезде, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне билеттер тегін таратылғанын атап өтті.

Айта кетсек, «Арнау» концерті елорда күніне орай «Астана Арена» стадионында өтеді. Концертте Димаш Құдайбергеннен басқа танымал отандық және ресейлік әртістер өнер көрсетпек. Мерекелік шоудың ұйымдастырушысы – «Қазақстан» телеарнасы.

Димаш Құдайберген Испанияда бейнебаян түсіріп жатыр — фото



sputniknews.kz