Димаш Құдайбергеннің әндері: алғашқы альбомы қашан шығады

0

Димаш Құдайбергеннің алғашқы альбомы биыл жазда тыңдармандарына жол тартады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген алғашқы альбомы қашан шығатынын хабарлады.

«Туған күнімнің құрметіне алғашқы жеке альбомым шығатын күнді жариялаймын. 14.06.2019», — деп әнші Instagram парақшасында жазды.

Альбомның атауы әзірге белгісіз.

Айта кетсек, бүгін танымал әнші туған күнін атап өтіп жатыр – ол 25-ке толды.

Димаштың туған күні және алған сыйлықтары

Димаш Құдайбергеннің фанаттары сүйікті әншісін туған күнінде неше түрлі сыйлықпен таңғалдырып жатады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайдағы жанкүйері Димаштың портретін моншақпен салып, сыйға тартқан.

Сондай-ақ, туған күніне орай фанаттары Алматының LED экрандарындағы ролик арқылы құттықтауын жеткізді.

2017 жылы қарашада Димаш Alibaba Group компаниясының құрылтайшысы Джек Маның қолынан сый-сияпат алды. Бірақ қандай сыйлық екені белгісіз.

Нұр-Сұлтандағы жеке концерті

Қазір Димаш Нұр-Сұлтанда 29 маусымда өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр.

Бұдан бұрын ол «Арнау» шоуының проморолигін жариялаған болатын.

Көптен күткен кеш «Астана Арена» стадионында Елорда күніне орай өтеді.



sputniknews.kz