Димаш Құдайбергенге «Халық әртісі» атағы берілді
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайберген 1999 жылы түсірілген мұрағаттық бейнероликпен бөлісті. Онда 5 жасар әнші іс-шарада көрермендер алдында өнер көрсеткен сәті бар. Сол сәт жүргізуші көрерменге 2030 жылы Димашты «Халық әртісі» атағын иеленді деп елестетуге шақырған.
Еске сала кетейік, республика күні қарсаңында президент Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның Халық әртісі» наградасын табыс етті.
«Бір кездері Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев біздің халқымызды қаншалықты бағалайтынын көрсетіп, «Мен қаншалықты жоғары көтерілсем де, Мен ешқашан өз халқымнан жоғары болмаймын», — деген еді. Мен үшін де халқымның ыстық ықыласы мен шынайы ризашылығынан бағалы сыйлық жоқ. Менің жетістігім – халқымның батасы екенін терең түсінемін. Қай жерде болсам да, Мен әрқашан Отанымның абыройы мен қадір – қасиеті бәрінен жоғары болғанын қалаймын», — деп жазды ол әлеуметтік желілерде.
фото: Ақорда