Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар ду қол шапалақпен қарсы алды — Әуен

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Лондондағы Хитроу әуежайындағылар музыкамен және ду қол шапалақпен қарсы алды, артист 17 қарашада тұңғыш жеке концерті үшін ұшып барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушының тыңдармандары Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайынан шығарып салған болатын, олар әншіге алдағы концерттің сәтті өтуін тіледі.

Ұлыбритания астанасында Димашты шамамен 100 адам қарсы алды — оның тыңдармандары әлемнің түрлі елінен барған. Шотланд волынкасының үнімен әншінің тыңдармандары оны есік алдында күтіп тұрған, олар Димашқа сыйлықтар мен гүлдерін табыс етті. Жүздері эмоция мен қуанышқа толы тыңдармандар әншімен суретке түсіп, әңгімелесті.

Весна Медведева DQ шоуын көру үшін Лондонға анасымен бірге Торонтодан (Канада) келген. «Шамамен бір жыл бұрын мені Димаштың музыкасымен анам таныстырды. Сол кезден бері оның шығармашылығын бақылап жүрмін. Қазіргі таңда ол келетін қонақүйдеміз, қатты қуанып тұрмын, жақсы сезімдемін», — деді қыз.

Дүйсенбі, 19 қарашада Димаш Құдайберген Лондондағы «Indigo at the O2» концерт залының сахнасында өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға баршаның сүйікті хиттері мен жаңа композициялар кіреді.

Шараның ұйымдастырушысы қазақстандық елшінің қолдауымен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі. DQ шоуы Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күні аясында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне барлық билеттің сатылып кеткені хабарланған болатын. Димаш Құдайбергеннің концертінде аншлаг болады деп болжанып отыр. Лондон тұрғындары билеттердің басым бөлігін сатып алып қойған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқан еді. Димаш Құдайберген Лондондағы концертінен түскен қаражатты Данэлия Төлешоваға береді. Бұл қаражат жас әншінің «Балалар Евровидениесі -2018 байқауына қатысуға жұмсалатын шығындарды өтейтін болады.