Димаш Құдайберген жылдың «Ең келбетті азаматы» атанудың алдында — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2020 жылдың ең көрікті ер адамдар тізіміне ілікті. Бұл рейтингті TC Candler 100 Most Beautiful list срапашылары құрастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген: Ең бірінші әртіс емес адам болайық

Қазірдің өзінде танымал өнерпаздың суреті 7,5 мың лүпіл (лайк) жинап үлгеріпті.

 

Айта кетерлік жайт, Димаш Құдайберген бұл тізімге іліккен жалғыз қазақстандық әртіс емес. Онымен бірге MadMen тобының әншісі Рахат Масақбай, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын мен Зируза да ең көрікті 100 адамның қатарына кіріпті. 

TC Candler платформасы жыл сайын әлем бойынша 100 келбетті әйел мен ер адамдарды іріктеп алады. Рейтинг қорытындысын жасауға тікелей тәуелсіз сарапшылар қатысады. 

Қазір Димаш «Арнау» концерттік бағдарламасымен ел аралап жүр. Бұған дейін орындаушы Краснодар, Екатеринбур және Қазан қаласында өнер көрсетіп үлгерген. 

 



stan.kz