Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны қашан шығатынын айтты

0

Жаңа бейнебаян әншінің Youtube каналында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де шығады

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik.Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының қашан шығатынынхабарлады.

«Қымбатты достар, бүгін кешкі сағат 20:00-де менің Youtube каналымда жаңа музыкалық бейнебаянымның ресми тұсаукесерi болады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін»,- деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 20 сәуірде коронавирус пандемиясымен күрес жүргізіп жатқан дәрігерлерге арнап «We Are One» әнін шығарды.



sputniknews.kz