Димаш Құдайберген «Виктория» музыкалық жүлдесіне ұсынылды  

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1136/78/11367824.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/culture/20191205/12206807/Dimash-Qudaybergen-Viktoriya.html

Әртіс үздік вокалшы атағына таласады, сонымен қатар жылдың үздік әні марапатын иеленуге мүмкіндік алып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы сыйлықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланды.

Әнші бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге үміткер ретінде қатысады. Солардың бірі – «Жыл вокалшысы».

Тағы біреуі – Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» туындысын орындағаны үшін «Жыл әні».

Айта кету керек, автор Игорь Крутой «Жыл композиторы» аталымында үздік атану үшін бақ сынайды.

Сондай-ақ «Любовь уставших лебедей» әнінің тағы бір авторы Михаил Гуцериев «Жыл ақыны» номинациясына ұсынылған.

«Виктория» жүлдесі бүгін Кремлде өтеді.   

 



sputniknews.kz