Димаш Құдайберген — Ұмытылмас күн: иноднезиялық ару әншіні тәнті қылды

0

Индонезиялық бойжеткен Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қазақ тілінде орындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Димаш өзінің әнін қазақ тілінде орындаған шетелдік арудың өнеріне тәнті болды. Ол «Ұмытылмас күн» әнін шырқап тұрған қыздың видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

«Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво», — деп жазды әнші.

Димаштың желідегі оқырмандары да бойжеткеннің өнерін жоғары бағалап, «дауысы сыңғырлаған, тап-таза екен» деп ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Димаш тыңдармандарын сүйінші жаңалығымен қуантты

Айта кетсек, Джеки Чанның фильмдері апталығының ашылуында Димаш осы «Ұмытылмас күн» әнін Тайваньның танымал әртісі Терри Линмен бірге орындаған еді.



sputniknews.kz