Димаш Құдайберген Токиода фестивальде өнер көрсетеді
Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне тосын сый дайындап қойды, ол биылғы жылдың мамырында Жапонияның астанасында ән салады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген 2020 жылдың мамыр айында Токиода джаз фестивалінде өнер көрсетеді.
Бұл туралы Tokyo Jazz Festival сайтында жазылған.
Фестиваль 22-24 мамырда өтеді, оған 90 мың адам жиналады деп көзделген. Билеттер қазір сатылып жатыр.
Орындаушылардың арасында америкалық пианист және композитор, 14 Грэмми сыйлығының иегері Херби Хэнкок бар. Ол әлемдегі ең беделді джаз музыканттарының бірі ретінде танымал.
Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында Димаш Токиоға барған еді. Ол Азия-Тынық мұхиты фестивалінде құрметті қонақ ретінде өнер көрсетті. Әнші жапон көрермендеріне Қазақстан туралы әңгімелеп, туған елінің көп ғасырлық тарихы бар екенін атап өткен болатын.
sputniknews.kz