Димаш Құдайберген Стамбулда Rams Qazaqstan қолдауымен жеке концерт береді

0

2024 жылғы 24 мамырда қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайберген Stranger туры аясында Стамбулда «Бешикташ» стадионында өнер көрсетеді. Бұл шараның бас демеушісі — RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясы.

«Біз қазақстандық әртісті Қазақстаннан тыс жерлерде де қолдауға қуаныштымыз», — деді компания өкілдері.

Әншіөзінің Instagram парақшасында:

«Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында «Stranger» туры аясында Түркияның Стамбул қаласында жеке концертім өтеді.

Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын!

Кездескенше, Dears!” — деп жазды Димаш Құдайберген.

фото: Инстаграм парақшадан