Димаш Құдайберген Си Цзиньпиннің алдында қазақша ән шырқады

0

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды KZNEWS сайты.

Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.