Димаш Құдайберген Ресейге ұшып кетті

0

Қазақстандық әнші «Муз-ТВ жүлдесінің» арнайы қонағы болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Әнші Димаш Құдайберен музыкалық жүлде тапсыру салтанатына қатысу үшін Ресейге ұшып кетті.   

«Ресейге ұшқалы жатырмыз. Ертең «Муз-ТВ жүлдесінде» көріскенше», — деп жазды ол Instagram-да.

Димаш ертең, 7 маусымда «Муз-ТВ жүлдесінің» арнайы қонағы болады.

Тағы оқыңыз: Димаш Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне медальмен марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, 22-23 наурызда Димаш Құдайберген Кремль сарайында алғашқы жеке концертін берді. Жас әншінің Мәскеудегі концертін әлемнің 56 елінен келген көрермендер тамашалады. Сондай-ақ қазақстандық және ресейлік танымал тұлғалар Димашқа қолдау көрсету үшін ән кешіне арнайы барған. Кеш қонақтары арасында РФ үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевтің әйелі Светлана Медведева болып, қазақ әншісіне өз қолымен гүл сыйлады. 

 Димаштың Arnau деп аталатын елордадағы жеке концерті 29 маусымда «Астана-Арена» стадионында өтеді. 27 мамыр күні шоу-бағдарламаға барлық билет сатылып кеткені белгілі болды.  



sputniknews.kz