Димаш Құдайберген Қытайда жыл әртісі атанды

0

https://sputniknews.kz/images/965/44/9654409.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/culture/20191226/12380367/Dimash-Kudaybergen-Kytay.html

Димаш Құдайберген жаңа белестерді бағындыруға көмектесіп жүрген өз командасы мен бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріне алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытайда 2019 жылдың үздік шетелдік әртісі атанды. Бұл жайында «Internet Bull Ears 2019» сыйлығының қорытындысы бойынша белгілі болды.

Орындаушы ұйымдастырушыларға шығармашылығын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.

«Сыйлық үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі ретінде марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларға және қытайлық командама рахмет айтамын», — деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парағында.

Бұған қоса, әнші салтанатты рәсімде ата-анасына әрі қазақ халқына қолдау көрсеткендері үшін алғысын жаудырды. Димаш өз сөзінде Dears фан-тобын да атап өтіп, оларға сәлемін жолдады.



sputniknews.kz