Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

0

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда Астанада концерт беретінін айтып, әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. 

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің Stranger атты жеке концертім өтеді», — деп жазды ол.