Димаш Құдайберген НТВ-дағы жаңажылдық бағдарламаның кейіпкері болды

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстандық танымал әнші композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Не могут жить в разлуке лебеди» әнін шырқады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні Ресейдің НТВ телеарнасына шыққан музыкалық бағдарламадан көрінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Димаш басқа танымал әртістермен және әншілермен бірге «1001 түн немесе махаббат алаңы» спектакль-концертінің кейіпкері болды.

Димаш Құдайберген ханзада рөлін сомдады. Ол Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен бір қазақстандық «Не могут жить в разлуке лебеди» әнін шырқады. Димаштың өнерін мына жердегі видеоның 1:40 минутында тамашалауға болады.  

Музыкалық шоуға Ресей жұлдыздары Филипп Киркоров, Игорь Крутой, Николай Басков, Валерия, Кристина Орбакайте, Лолита, Дима Билан, Тамара Гвердцители, «Фабрика тобы», «Иванушки International» тобы, Жасмин, Аврам Руссо және тағы басқа өнер жұлдыздары қатысты.  



sputniknews.kz