Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді

0

Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER атты жеке концертін береді!», — делінген dimash.news парақшасында.
Концерттің өтетін күні: биылғы 19 қараша, басталуы – 20:30.
Билеттерді сату Ticket2U сайтында 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастағанын жазған едік.